Зарегистрируйтесь в Базе Знаний и получите набор материалов по всеобщему декларированию на почту (выжимка - все что нужно знать!) Зарегистрироватся


Инструкции

Е. Кожагул|А. Репников|Все авторы Добавлен: 2025.07.16

ATAIX платформасындағы операциялар бойынша салық декларациясын дайындау үшін деректерді қалай жинау керек?

ATAIX платформасындағы операциялар бойынша салық декларациясын дайындау үшін деректерді қалай жинау керек?

Егер сіз ATAIX платформасында цифрлық активтермен операциялар жасаған болсаңыз, бұл мәліметтерді салық декларациясына енгізу қажет. Бұл үдерісті сіз үшін жеңілдету мақсатында, Sber-Invest.kz командасы құжаттарды қалай дұрыс жинау керектігін көрсететін қарапайым әрі түсінікті нұсқаулық дайындады.Төменде осыған қажетті негізгі қадамдармен таныса аласыз.


🛠 ATAIX платформасында API кілтін жасау бойынша толық нұсқаулық:

1️⃣ ATAIX платформасындағы жеке аккаунтыңызға кіріңіз.
2️⃣ “Баптаулар” (Настройки) бөліміне өтіңіз.
3️⃣ “Генерациялау” (Сгенерировать) батырмасын басыңыз.
4️⃣ Тек “DATA” деген опцияны таңдаңыз.
    - ❗️Қалған батырмалар белгіленбегеніне көз жеткізіңіз.
    - ❗️IP-адрес бойынша шектеулер болмауы керек (яғни, рұқсат етілген IP-адрестер қосылмаған болуы керек).
6️⃣ Google Authenticator қосымшасы арқылы алынған кодты енгізіп, «Сақтау» батырмасын басыңыз.
7️⃣ API-кілт сіздің электронды поштаңызға жіберіледі.



📥 Осы кілтті Sber-Invest.kz сайтындағы жеке кабинеттің “Активтер құрылымы” бөліміне енгізіңіз немесе оны өз кеңесшіңізге жіберіңіз.
✅ Дайын! Қажетті деректер сұраныс бойынша жүйеге автоматты түрде жүктеледі.

Ескерту: ATAIX платформасында тек бір ғана API-кілт бар. API Secret қарастырылмаған.




📄 ATAIX платформасының негізгі есеп құжаттары
Салық есебін дайындау үшін бір ғана құжат қажет: Шоттар мен транзакциялар бойынша үзінді (выписка).

Бұл — сіздің барлық қаржылық операцияларыңыздың (активтерді енгізу, шығару, комиссиялар, сауда мәмілелері, аударымдар, конвертация және т.б.) толық тізімі.

Аталған есеп — операцияларыңызды растайтын ресми құжат болып табылады және қажет болған жағдайда салық органдарына дәлел ретінде ұсынылуы мүмкін.

📆 Үзіндіні шот ашылған күннен бастап есептік жылдың 31-желтоқсанына дейінгі мерзімді қамтитындай етіп жүктеу қажет.

Неліктен бұл маңызды?
🔁 Есеп барысында FIFO әдісі қолданылады — яғни, активтер ең алдымен келіп түскен тәртіп бойынша есепке алынады. Осы себепті, актив қай әмияннан шығарылғанын дәл білу аса маңызды.



🔍 Құжатты қайдан табуға болатынын төменде қадам бойынша көрсетеміз
ATAIX платформасына кіріңіз → жоғарғы оң жақтағы пайдаланушы мәзірінен “Менің құжаттарым” (Мои документы) бөлімін таңдаңыз →
“Шоттар мен транзакциялар бойынша үзінді” тармағын таңдаңыз.




📎 Форматты таңдаңыз (XLS)
Кезеңді көрсетіңіз (шот ашылған күннен бастап!) →
Жүктеу батырмасын басыңыз.




📤 Келесі қадам:

  • Әрбір файлды Sber-invest платформасындағы активтер құрылымына тіркеңіз.
  • Құпиясөзбен қорғалған файл болса, оның паролін “Түсініктеме” (Примечание) өрісіне жазыңыз.
  • ⚠️ Құжаттарды мессенджерлер арқылы жібермеңіз — мұндай жолмен жіберу қауіпті. Берілген ақпарат қорғалмайды.

❗️ Қосымша:
Жоғарыда — ATAIX-тағы цифрлық активтер бойынша есеп жасауға ең кемінде қажет болатын құжаттар тізімі берілген.

Кей жағдайларда салық кеңесшісі келесі құжаттарды қосымша сұрауы мүмкін:
Fiat Orders, Payment History, Deposit History, Trade History.

Уайымдамаңыз, қосымша құжат сұралса, оны қалай алу керектігі толықтай түсіндіріледі.




🤖 AI-Zhan көмекке әрдайым дайын!


Біздің ақылды цифрлық көмекшіміз AI-Zhan ATAIX платформасындағы есептермен жақсы жұмыс істей алады:

  • Сізге қандай құжаттар қажет екенін анықтап береді.
  • Оларды қайдан алынатынын көрсетеді.
  • Жеке кабинеттің қажетті бөліміне жүктеуге көмектеседі.

Бәз AI-Zhan-ның білім базасын үнемі жаңартып, оны сіз үшін барынша пайдалы етіп жетілдіріп келеміз.

Құрметпен,
Александр Репников, Ербол Қожағұл
Sber-Invest.kz командасы

0